Негізгі Жаңалықтар Салауатты қоғам – қауіпсіз қала

Салауатты қоғам – қауіпсіз қала

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ERTIS PROMENADE сахнасында салауатты өмір салты мен қоғамдық тәртіпті сақтауды насихаттауға арналған фестиваль өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарына қандай бағдарлама ұсынды? Әріптесім тарқатады.


Фестиваль Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Мұнда жыл басынан бері атқарылған іс-шаралардың қорытындысы жасалды.

Арина Краскова, «Жасыл ел» облыстық штабының жобалық менеджері

Фестиваль салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. «Ертіс аула фест» қатысушылары марапатталады. Оларға «Заң мен тәртіп» қағидатына қолдау көрсетіп, жаз бойы өткен іс-ларға белсене атсалысқандары үшін қала әкімінің алғыс хаттары табысталады.

Бұл іс-шара аясында жағалауға жиналғандар үшін алғашқы мединицалық көмек көрсетуден шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары, осылайша, жаңа дағдыны игеру мүмкіндігіне ие болды.

Замира Эргашова, қызыл жарты ай қоғамының еріктісі

Меніңше, жастар үшін осындай ісшараларды өткізіп тұру керек. Өскелең ұрпақ алғашқы көмекті қалай көрсету керек екені, қиын жағдайда қалай әрекет ету қажет екені сияқты қарапайым нәрселерді білсе, бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Сондықтан жастарымызды осындай маңызды шараларға белсенді атсалысып, қолдау көрсетуге шақырамын.

Джиу-джитсумен шұғылданатын 11-сынып оқушысы, спорт шеберіне кандидат Ергенмұрат Қуаныш жекпе-жек түрлерін ұанатады. Оның пікірінше, спорт адамды темірдей тәртіпке тәрбиелейді.

Ал Kaharman мектебінің тхэквондошылары сахна төрінде өнерлерін көрсетті. 

Бұған қоса, қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі танымдық әрі профилактикалық алаңдар, қолөнер бұйымдарының көрмесі ұсынылды. Ал шығармашылық ұжымдар ән мен биден шашу шашты.

Жұлдыз Қабылденова



Бөлісу