Самал Қалиқызы, тілші:
Қараша келіп, күнде суытып кетті. Коммуналшылармен жасалатын жұмыстар әлі де көп. Жаз бойы желіліред іауыстыру жүргізілді. қала басшысының өзі 1 қарашаға дейін қалыпқа келтіру бойынша тапсырма берген еді. Бірақ бұл ескертуге ешкім құлақ аспаған көрінеді.
Сөйтсек, Назарбаев көшесіндегі бұл аумақта қыста да жөндеу жұмыстары жүргізіледі екен. «Павлодар су арнасы» оны қысқы күтуге алыпты. Аумақта диаметрі 700 мм-лік құбырлар ауыстырылады. Қалыпқа келтіру шаралары тек 2022 жылдың наурызында аяқталады деп күтілуде. Тұрғындар болса шаһардағы мұндай көріністерге көз үйреніп кетті дейді.
Көріп тұрсыздар, мына жердің барлығы қазылған. Бізде қыс келсе басталады. Жазда не істейді білмеймін. Кішкене ойлану керек қой.
Мен мына үйде болдым. Жүретін жер жоқ. Бәрі қазылған. Жұмыстарды уақытымен жасаса осылай болмас еді. Кімге жүгініп, қалай күресетінімізді білмейміз.
Ал, бұл Назарбаев даңғылындағы Естай-Малайсары батыр көшелерінің қиылысы. Коммуналшылар аумақты қарашаның 6-ына дейін қалыпқа келтіруі тиіс. Жалпы Павлодар су арнасы облыс орталығындағы 33 аумақта жөндеу жұмыстарын жүргізуді қолға алған. Ал, қала әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, қаладағы қазылып жатқан жерлер біршама азайған көрінеді.
Салтанат Әкімбекова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
Павлодар су арнасымен өткен аптада 4 аумақта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді. Олар Шөкин-Катаев, Мәшһүр Жүсіп, Марғұлан, Қамзин көшелері. Осылайша жөндеу жұмыстарын жүргізген 33 аумақтың 31-ін қалыпқа келтірді.
Бұдан басқа, облыс орталығында қалыпқа келтірілмеген аумақтар әлі де жетерлік. Бұл көлік жүргізушілері мен тұрғындарына біраз ыңғайсыздық тудырып отыр.
Самал Қалиқызы