Павлодар облысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 10-нан астам түрін өндіретін өңірлер қатарында. Бұл тізімде тауық еті де бар. Статистикалық деректерге сүйенсек, облыс бойынша жылына 6,9 мың тонна ет өндіріледі. Бірақ, бағасы жылдан жылға артып барады. Қазір тұрғындардың басым бөлігі етті жәшіктеп емес, бір күндік асқа шақтап алуға мәжбүр.
Әсел Кенжалина, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі:
25-ші қарашадағы жағдай бойынша қазір тауық еті 1002 теңгеден саудаланып жатыр. соңғы үш айды салыстырсақ, баға 7,3 пайызға өскендігі байқалады. Бұл азық-түлік пен жем-шөптің бағасымен тікелей байланысты. Бірақ, біз бұл бағытта бірқатар жұмыс атқарып жатырмыз. Осы тұрғыда «Қызылжар-құс» ЖШС-не жеңілдетілген несие берілді. Олар әлеуметтік дүкендерде құс етін 900 теңгеден асырмай сатады.
Тауық етін алмаймын. Редко аламын. Шашлыкқа андай-мындай.
енді бір жәшігін алғанмын. Қымбаттап кеткен сияқты. Білмеймін бара-бара не болатынын.
2021 жылғы 22 қарашадағы жағдай бойынша тауық етінің бағасы– 1002 теңге/кг құрайды. Соңғы 3 айда азық-түлік, премикс және витаминдік қоспалардың қымбаттауы себебінен өндірушілердің сату бағасының өсуіне байланысты өсім 7,3% - ды құрады. Өз кезегінде басқа өңірлерден әкелінетін еттің бағасы да қалтаны қабады. Жергілікті атқарушы билік өкілдері бағаны тұрақтандыру мақсатында жүйелі жұмысты қолға алған. 7 кәсіпорынға 582 млн теңге, ал, 4 бірдей өндірушіге 100 млн теңге көлемінде қарыз берілген. Осыған байланысты әлеуметтік дүкен сөрелерінде тауықтың сан еті 900 теңгеден саудаланып жатыр,-дейді мамандар.
Зұлқарнай Ермұратұлы