Қазақстан футболындағы жазғы үзіліс — тынығу емес, тың серпілістің бастауы. Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы жаңа маусымға дайындығын бастап, құрамын жаңартуға белсенді кірісті.

Команданың бірқатар ойыншылары жаңа клубтарға ауысты. Мәселен, жартылай қорғаушы Рауан Орынбасар енді Түркістанның «Тұран» клубының намысын қорғайды. Бұл командада бұған дейін ойнап жүрген Рахат Үсіпханов енді капитандық міндетті атқарады. Ал қорғаушы Георгий Захаренко мансабын «Екібастұз» клубында жалғастырады. Сонымен қатар, «Ертіс» сапына жаңа есімдер де қосылды. Команданың жаңа ойыншысы — жартылай қорғаушы Әбінұр Нұрымбет. Ол «Хан-Тәңірі» командасының қақпасына алғашқы голын соғып, өз шеберлігін жанкүйерге таныта білді. Сүйінші жаңалықтардың бірі — Арман Кенесовтің командаға қайта оралуы. Қайсар мінезімен ерекшеленетін жартылай қорғаушының «Ертіске» тың серпін беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, Темірлан Төребек, Асқар Сатышев және Нұрғайни Бүрібаев та жаңа маусымға сақадай сай. Тағы бір жағымды жаңалық — клуб пен жартылай қорғаушы Владислав Васильевтің арасында жаңа келісімшарттың жасалуы. Бұл шешім команданың сапын нығайтуға сеп болмақ.

Дильназ Куанышбекқызы