Павлодардағы Орталық жағалауда 4 дөңгелекті веломобиль аударылып, салдарынан 69 жастағы әйел көз жұмды. . Қазір орын алған оқиғаға байланысты веломобиль жалға беру орталығы жабық тұр. Осы қайғылы оқиғадан кейін қала тұрғындарының көзқарасы қандай? Толығырақ келесі сюжетте.
Полицияның мәліметінше, веломобильмен еңіс жолда төменге түсу кезінде жүргізуші басқара алмай, көлік металл қоршауға соғылған. Жедел жәрдем шақырту түнгі 23:08-де тіркеліп, 6 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Дәрігерлер зейнеткердің сол жерде қайтыс болғанын анықтады.Қайғылы жағдайдан кейін біз Орталық жағалауға барып, қала тұрғындарының пікірін білуді жөн көрдік .Жағалауда болған жағдай тұрғындарды алаңдатпай қоймады.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тиісті органдар тексеріс жүргізіп жатыр. Веломобильдермен серуендеудің қауіпсіздік шараларына назар аудару — өзіміздің және жақындарымыздың амандығы үшін аса маңызды.
Дильназ Куанышбекқызы