94 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны, тыл ардагері Сағадат Жұмабаев өмір бойы армандап келген қажылық сапарына бара алмады. Жасына байланысты, денсаулығының әлсіреуі де жолға шығуына кедергі болды. Алайда ол бұл жағдайға мойыған жоқ. Жинаған бар қаражатын Алланың разылығы үшін қария бүгін мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі балаларға таратып берді.
Ақсақал жүрегіндегі мейірім мен қамқорлығын ешкімнен аямай бөлісті.Бұл арманын сауапты іске ұластырды. Жинаған қаражатын – мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың аналарына үлестіріп, Әр балаға 120 мың теңгеден беріп, игі тілегін жеткізді. 30 бала конверт таратылды.
Сағадат Жұмабаев, тыл еңбеккері
Әйелім қайтыс болғаннан кейін зейнетақымды жинадым. Меккеге барамын деп жинап едім. 2022 жылы паспорт алдым загран 65 максимальный возвраст деп мені алмады. Одан кейін 2-3 жылда баруға болушы еді маған жағдайым келмедім. Жүрісім шамалы болды. Бір жерде жығылып қалсам кім мені сүйреп жүреді. Қаламын ғой сол жақта деп сопы болғанша мына балаларға балалардың анасына бөліп берейін деп жинаған ақшамды міне бүгін бердім. Бала шаға жоқ. Болған жоқ. Туысым жоқ. Содан кейін ертең мен өліп қалсам мына балалардың анасына бермесем кімге беремін. Біреудің қолында кетеді ғой. Сосын бөліп беріп жатырмын.
Сағадат ата қарттар үйінде тұрады. Тыл еңбеккері. Көп жылдар бойы Қашыр ауданында есепші болып, одан кейін Павлодар қаласында түрлі жауапты қызметтер атқарған. 2009 жылы бәйбішесі қайтыс болғаннан кейін 2011 жылы өз еркімен қарттар үйіне келіпті. Қарияның ісі – жүрегімізді елжіретіп, мейірімділік пен қамқорлықтың маңызын тағы бір мәрте еске салды.
Бақыт Айгожина, Павлодар қаласының тұрғыны
Ата Меккеге барып, жинаған ақшасын балларға деп көмегін беріп жатыр. Өзі Меккеге бара алмады жасына байланысты. Тек жақсылық болсын атаға. Атамыздың балаларға көмегін тигізіп жатқанына рақмет. Оның денсаулығы мықты болсын.Өмір жасы ұзақ болсын. Ешқандй бейнет көрмей. Алланың берген жасын жасап, тек жақылық тілейміз атаға. Осы балалардың барлығы тез сауығып кетсін. Ем қонсын. Алла шипасын беріп, өмірде қызық көре берсін балаларымызда.
Оның бұл шешімі – шынайы қайырымдылық пен адамгершіліктің жарқын мысалы. Бір адамның өмірлік арманы орындалмаса да, ол 30 балаға үміт сәулесін сыйлады.
Әйгерім Тоқпанқызы