Павлодарда «Jas Kenes Sıylıgı» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды. Мақсаты өз ісінің шебері болып, ел дамуына үлес қосып жүрген жас мамандарды қолдау. Биыл байқау ауқымы кеңейіп, жаңа номинациялар енгізілді. Жаңартылған байқау туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтылды.

«Jas Kenes Sıylıgı» Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Ол түрлі салада табысқа жеткен, белсенді әрі бәсекеге қабілетті жас мамандарға табысталады. Бұл бастама екінші жыл қатарынан өткізіледі.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Биыл бізде ерекше жыл. Президентіміз 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы деп белгіледі. Сондықтан да бұл сыйлықтың мәртебесі өте зор. Себебі, қандай да еңбек болмасын ол өте қадірлі және құрметтеуге лайықты. Сондықтан жастарымызды жоғары биіктен көрсету, жалпы жан-жақты қолдау табу өте маңызды бағыттардың бірі.

Биыл байқауға бірнеше жаңа бағыттар қосылды. Енді үміткерлер қатарында жас ғалымдар, оқытушылар, дәрігерлер мен ІТ, креативті индустрия және атом өнеркәсібінің өкілдері де бар. Номинациялар саны 7-ден 10-ға дейін артты.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Баршамызға мәлім биыл Қазақстанда 3 атом электр станциясы салынады. Бұл жоспарда бар. Біз энергетиік секторын, жалпы атом өнеркәсібінің мұнай газ кәсіпорынның қызметкерлері үшін жарық номинациясын қосу қажеттілігі биыл ескерілді. Бұл жаңа номинация. Агро өнеркәсіптік кешен, ауыл шаруалығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнімдерінің өндіру саласының қызметкерлері үшін өркен номинациясы табысталатын болды. Биыл бізде жанқиярлық және қайсар екі номинациясы да берілетін болады. Алтын жүрек номинациясы ол орта, кіші медициналық қызметкерлерін тарту, және дәрігерлер санаты енгізілді.

Өтінімдер 20 шілдеге дейін арнайы сайт арқылы қабылданады. Конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады. Әр номинация бойынша екі жеңімпаз анықталады. Жүлде қоры 20 миллион теңге. Яғни, әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі.

Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасы жастар және отбасы бөлімінің басшысы

Бірінші кезең өтінімдерді толтыру және өтінімдердің толықтығы. Эссе, алғыс хаттар, ұсыныс хаттары болса жастардың. Құжаттама жинақтарын енгізедлі. Екінші кезең комиссия мүшелері келіп түскен өтінімдерді қарайды. Әр өтінім назардан тыс қалмайды. Осы кезеңде комиссияның әр мүшесі келіп түскен өтінімдерді тәуелсіз бағалайды. Әр номинация бойынша кемінде 5 үміткердің тізімін жасайды. Үшінші кезең қорытыныды. Іріктелген үмітерлер әр номинация бойынша кемінде 5 комиссия мүшелерімен оффлайн немесе онлайн форматта сұхбват жүргізеді. Комиссяның әр мүшесі үміткерлерді 5 балддық шәкіл бойынша бағалайды.

Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы кез келген Қазақстан азаматы қатыса алады. Айта кетейік, өтінімдер jaskenes.kz сайтында қабылданады. Қатысу үшін сайттағы екі тілдегі өтінім формасын толтыру қажет.

Сабина Жолдаспаева