Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы барлық жерде Абай орталығын ашу керек деген болатын. Осыған байланысты «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығы Павлодардағы жоғары оқу орындарының бірінде ашылды. Басты идея павлодар қаласында «Абай» ескерткіші ашылғаннан кейін туындады, - дейді орталық төрағасы Ғарифолла Есім.

Ғарифолла Есім, «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығының төрағасы, академик, абайтанушы:

 «Академия Абай» деген ғылыми-зерттеу орталығын ашып жатырмыз. Осы ашқанның бірінші қарлығашы мен осы біраз адамдарға Хакім абай туралы дәріс оқып келе жатырмын. Енді Академия Абай немен шұғылданады? Академия Абайдың шұғылданбайтын ісі жоқ. Бұның басы былтырғы анау акиматтың алдына орнатқан Абай мүсінінен басталды.

Ғылыми-зерттеу орталығы тек университет қабырғасында ғана емес, мектептермен де тығыз байланыста болмақ. Себебі, қазіргі уақытта орта білім беру мектептерінде оқылытатын Абайтану ілімін жетілдіру керек. Оның жүзеге асырылу жолдарын өзгерту керек,-деп есептейді жоба авторы. Ал, орталық ұйымдастырған алғашқы жиынға қатысушылар мұндай жобаның маңыздылығы зор кендігін атап өтті. Себебі, «Абай әлемі» ұлттық идеологияны оятуға, оны дамытуға септігін тигізеді. Әрі, Хакім Абайдың мұрасы ұрпақ санасына терең сіңу керек, -дейді Әділбек Әміренов.

Әділбек Әміренов, филология ғылымдарының кандидаты:

Барлық мектептерде ЖОО-да, абайтану курстары жүріп жатыр. Бірақ, сол осы абайтану курстары дұрыс бағыттары қатты месе. Сол үшін абайтану дегенде көбінде мектептерде, ЖОО-да абайтанушыларды оқыту, Абайдың өзін емес, абайтанушыларды оқыту керек. Сондықтан да, әрбір ЖОО-да әсіресе педагогикалық жоғары оқу орындарында «Абайтану академиясының» ашылуы осы мақсатпен ашылып жатыр.

Атап өту керек, аталмыш ғылыми-зерттеу орталығы Қазақстан көлеміндегі педагогикалық университеттер арасында ашылып отырған алғашқы орталық. Егер, іс ілгері басатын болса, өңір мектептерінде филиалдар ашуды жоспарлап отырмыз,-дейді Ғарифолла Есім. Сонымен қатар, еліміздің солтүстік өңірлерінде қолға алынбақ.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы