Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері көпқабатты үйлердің тұрғындарымен тұрақты түрде кездесіп, тексеріс жүргізеді. Биыл Павлодар қаласында 170 өрт оқиғасы тіркелген, оның 22-сі көпқабатты тұрғын үйлерде орын алған.Толығырақ тілшіміз тарқатсын.
Рейдтің негізгі мақсаты — өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру. Төтенше жағдайлар басқармасы пәтер иелері кооперативімен бірлесіп, көпқабатты 6 үйде профилактикалық шара өткізді.Қызметкерлер тұрғындарға өрт кезінде улы газдан қорғану және балалардың отпен ойнауының қауіптілігі туралы түсіндірме парақшаларын таратты. Сондай-ақ, дәліздер мен эвакуациялық шығу жолдарында артық заттардың жиналмауы қажеттігі ескертілді.
Тілекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары
КСК-мен бірлесіп осы аталыған көп қабатты үйлердің шығу жолдарын зерделеп өттік. Рейд барысында өрт қауіпсіздігін сақтамау анықталды. Бірінші ретке ескерту берілді.Кейін егерде құқық бұзушылық болған жағдайда ксканың өкілдері бізге хабарласып. Кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшлік жауапкершілікке тартамыз.410 бабтың 10 айлық айыппұл көзделген.
Тексеру тобы Назарбаева көшесі, 89/2 мекенжайындағы 16 қабатты тұрғын үйге де барды. Мұнда 109 пәтер орналасқан. Рейд барысында мамандар жоғарғы қабаттарға көтеріліп, өрт кезінде сыртқа шығуға арналған дәліздер мен балкондардың жағдайын, сондай-ақ электр есептегіштердің орнатылуын ерекше назарға алды.
Гүлнәр Ибраева, Назарбаев көшесі 89/2 мекенжайының тұрғыны
Әрине ескертулер жасаймыз. Кей кездері үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасап біткен соң тұрғындар қоқыс пен қалдықтарды жинастырып қояды.Және өздеріңіз көргендей құлақ аспайтындары да бар, енді бүгінгі жасалған ескертуден кейін жинастыратын шығар. Тұрғындарға айтарым бір-екі күнде аралау болады. 5 күн уақыттарыңыз бар, егер қоқыстар мен артық заттарды жинастырмасаңыздар айыппұл төлеуге мәжбүр боласыздар.
Мамандардың айтуынша, көпқабатты үйлерде жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін міндетті түрде қоқыс пен құрылыс қалдықтарын жинамай, көлік кіретін жолдар таза әрі бос болуы тиіс. Бұл – әрбір тұрғынның қауіпсіздігі үшін қажет қарапайым, бірақ маңызды талап.
Дильназ Қуанышбекқызы