Павлодар әуежайында ұшу-қону жолағын қайта жаңарту жұмысы келер жылдың шілде айында аяқталмақ. Биыл қараша айында пайдалануға берілуі тиіс нысанның құрылысына қаржы жетпей қалған еді. Енді жобаны жалғастыруға қажетті қаражат қайдан бөлінді? Тілші әңгімесінде.

Павлодар әуежайының жұмысы көктемнен тоқтап тұр. Қазір өңірде әуе қатынасы жоқ. Биыл қараша айында ұшу-қону жолағын жөндеу толық аяқталуы тиіс еді. Алайда қаржы тапшылығына байланысты жұмыс біраз уақытқа тоқтап қалған. Енді бұл стратегиялық нысанның құрылысы елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару арқылы құрылған Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен қайта жалғасады. Үкімет осы қордан 9,3 миллиард теңге бөлді.

Нариман Омар, Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

ҚР Үкіметтің шешімімен арнайы мемлекеттік қордан бөлінді. Жалпы сомасы 9,3 млрд теңге бөлінді. Елден заңсыз шығарылған активтердің құралытан арнайы мемлекеттік қор бар. Сол қордан ақша бөлінді. Жұмыстың көлемі азайған жоқ. Қазіргі уақытта светосигнальный жарық, оборудованиясын қазір сатып алатын мүмкіндігіміз бар. Егер бюджеттен ақша бөлінсе ол ендігі жылдың басынан бөлінеді. Осы айды осы мерзімді біз қысқартамыз.

Қазір жоспарланған жұмыстың 47 пайызы орындалды. Ұшу жолы 45 метрден 60 метрге дейін кеңейді. Жаңарту жұмысы мерзімінде аяқталса, тұрғындар келер жылдың шілде айынан Астана мен Алматы шаһарларына ұша алады. Басқа да бағыттарға қатынау мәселесі қарастырылып жатыр.

Әйгерім Тоқпанқызы