Екібастұздық театр алғашқы шымылдығын ашты. «Ертіс-Баян» театры Мұқағали Мақатаевтың «Қош, махаббат» қойылымынмен тұсауын кесті. Өнер ордасының тұсаукесер қадамын өңірдің зиялы қауым өкілдері, облыс жұртшылығы тамашалады. Облыс әкімі Асйын Байханов арнайы барып құттықтады.
Екібастұзда театр ашу мәселесі біршама уақытта бері айтылып жүрді. Ақыры міне, кеншілер шаһары мәдениеттің де үлкен ордасына айналып, ақсұйек өнер театр шымылдығын ашты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Мәдениеті жоғары елдің рухы да биік болады. Бүгінгі бастамамыз, дәл осы қадамымыз тамыры тереңге таратын бастама деп санайық бәріміз. Әрине, оңалықпен ештеңе келмейді. Бірақ, театрдың арнайы шаңырағы болуы тиіс. Екібастұз театрының көрермендерінен қолдау болса біз арнайы ғимаратының құрылыс қолға алайық. Театр ұжымына сәттілік тілеп, үлкен табыстар тілейміз.
«Ертіс-Баян» атауын алған театрдың алғашқы қойылымын тамашалауға облыс жұртшылығы жиналды. Ақжолтай хабарды естіген өнер сүйер қауым тұсаукесер қойылымға асықты. Өнер ардагерлері қадамны қаз басқан ұжымға батасын берді.
Шахимардан Әбілев, Қазақстанның халық әртісі
Міне, біздің жастарымыз қандай? Міне, қазір бірге жұмыс істеп жатсыздар. Елді сүю, болашақты сүю ол біздің театр. Елді сүю, мәденит, театрды сүю ол біздің елдігіміз. Біздің алға қойған мақсатымыз бар. Оған жетуге бірлік керек, қуат керек. Ол қуат түгел осы мәдениетте. Аман болайық, әрқашан да бірге болайық.
Театр қазірше «Өнер» мәдениет орталығында жұмыс істеуде. Оның құрылуына бюджеттен шамамен 50 млн теңге бөлініпті. Қазір 18 кәсіби актер жұмысын бастап кетті. Астана, Алматы, Түркістан және Ақтөбе қалаларынан шақырылған кәсіби актерлер. Көпшілігі «Шабыт» өнер академиясының түлектері. Сондай-ақ театр қойылымдарына Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері де қатысады.
Бағылан Есенбеков, Екібастұз қалалық «Ертіс-баян» театрының актері
Екібастұз деген қаланы естуіміз бар ғой. Бірақ, бірінші рет келіп тұрмын. Келіп, көріп адамдармен танысып. Қазірге бәрі жақсы. Жаңадан театр ашылады дегеннен кейін біздер жастар осында жаңа театрдың алғашқы ашылуына көмектескен адамдар ретінде қалыптасқымыз келді.
«Қош, махаббат» Мұқағали Мақатаевтың жалғыз ғана пьесеасы. Бұған дейін де талай сахнада қойылған. Ақынның алғышқы әрі жалғыз қойылымы Екібастұз театрының тұсауын кескен туынды ретінде тарихқа жазылды.
Бибіажар Дихан, «Ертіс-баян» театрының режиссері
«Қош, махаббат» жастардың өмірге енді көзқарастары ашылып келе жатқан жігіттердің, қыздардың кішкене ғана мейірімділіктен бақыт алуға болатындығын ұқтыру үшін, кішкене ғана мейірімділіктің өзі үлкен әлемге бақыт сыйлай алатындығы түсіндіру үшін, кішкене бақыт пен мейірімділікті әлемді құтқаруға, мойындатуға болатындығын ұғындыру үшін алдым.
Қала әкімдігінің және театрдың ашылуына қолдау көрсеткен жандардың қолдауының арқасында әртістер баспанамен қамтамасыз етілді. Еңбекақылары да өздері сұраған мөлшерде тағайындалған.
Жанасыл Серікбол