Екібастұз шаһарында дарынды шәкірттерді марапаттау рәсімі өтті. Республика күніне орай Екібастұзда «Тәуелсіздік ұланы» атты дәстүрлі сыйлықтың лауреаттарына қошемет көрсетілді. Биыл бұл марапатқа оқу, шығармашылық және қоғамдық қызмет саласында ерекше қабілет танытқан жеті оқушы ие болды.
Жеңімпаздар қатарында қала және ауыл мектептерінің оқушылары бар. Байқау үш негізгі номинация бойынша өткізілді: «Ғылыми-техникалық шығармашылық және зерттеу қызметі», «Шығармашылық шеберлік» және «Спорттық жетістік». Әрбір жеңімпаз еңбекпен табандылықтың нәтижесінде жетістікке жетіп отыр.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі
Тәуелсіздік ұланы атты оқу спорт шығармашылық қызметте ерекше қабілеттерін танытқан дарынды және талантты оқушыларды марапаттауға жиналып отырмыз. Жыл сайын облыс әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың бастамасымен дарынды ерекше қабілетті оқушылар марапатталады. Осы жылы 40 оқушы қатысып, 7 оқушы лауреат атанды. Ел тәуелсіздігінің тірегі ертеңгі көшбасшылары ұлттың сіздер құдай қаласа сондықтан да білімге терең спортта шымыр, өмірде адал болу керек. Азамат болыңыздар.
Марапат иелерінің бірі — №2 Абай Құнанбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Ерасыл Ахтаев бар. Ол Халықаралық «Робототехника» байқауының және облыстық пәндік олимпиада жүлдегері.
Ерасыл Ахтаев, «Тәуелсіздік ұланы-2025» лауреаты
Роботехникамен айналысамын. Біз командамен жарысқа бардық. Шетелген Дубай көрдік. Және мен ферст жарысқа қатыстым. Команданың аты роботэ Жобаға қатыстым. Жоба тақырыбы, Эко жүйе эко үй болды және су тиімділігін қалай пайдалануға болады.
Кездесу барысында қала әкімі оқушылармен еркін әңгімелесіп, олардың жетістіктерін талқылады. Еңбекқорлық пен шығармашылық танытқандары үшін оқушыларға алғыс білдірді.
Әйгерім Тоқпанқызы