Екібастұздағы оңалту орталықтарының біріндегі адаптивті дене шынықтыру сабағы кезіндегі жаттықтырушының қызметіне сай келмейтін жауапсыз әрекеті әлеуметтік желіге тарады. Полиция қазір тергеп-тексеруді бастағандығын жеткізді.

Оқиға 24-қазан күні болған. Онда оңалту орталығының жаттықтырушысы мүмкіндігі шектеулі баланы жұлқылап, қолынан бұрағаны көрінеді. Қазір полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған.

Оңалту орталығы жекеменшік болғандықтан қалалық білім беру бөлімі бұл жағдайға араласа алмайды. Алайда қызға өзге орталықтың отбасылық психологы көмектесуде.