Баянауыл ауданының Ж. Аймауытов, Шоманкөл және Шонай ауылдарында көптен күткен маңызды жоба – ауыз су құбырының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған игілікті іс.

Қазір үйлерге су кіргізу жұмыстарының 90 пайызы орындалып, құбырлар әрбір үйдің іргетасына дейін жеткізілген.Айта кетерлігі, 50 үйге су тегін тартылса, қалған тұрғындарға қызмет бекітілген төлем кестесі бойынша жүргізіліп жатыр..Шонай ауылында да ауқымды іс нәтижесін беріп отыр. Мұнда бірінші және екінші сорғы станциялары арасындағы магистраль тарту жұмыстары толық аяқталған. Тұрғын үйлердің іргетасына дейін су жеткізу жұмыстарының 98 пайызы орындалып, ауыл халқы көп ұзамай таза суға қосылмақ.Шоманкөл ауылында бұл жұмыс 95 пайыз орындалды.

Жанат Мажитов, Қызылтау ауылдық округінің әкімі

Бүгінгі күні Қызылтау ауылдық округінде Аймауытов ауылында мамыр айында қайта жаңарту жұмыстары басталды. Бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар екі ауылда сулар тартылды, қазір насосный станция басында жұмыстар жасап жатыр. Орталық су құбыры 138 үйді қамтиды. Ал Үйтас ауылында әлі кірілген жоқ, алдағы жұмыстарда жүргізіледі. 90 жылы салынған, ескірген соң мына жұмыстар басталғанша күніне 4 сағат су беріп отырдық.

Барлық үш ауылда да жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылып, ел игілігі үшін өз ауылдарының өркендеуіне үлес қосуда. Бұл – әрі әлеуметтік қолдау, әрі ауыл еңбеккерлеріне тұрақты табыс көзі.

Қымбат Садық