Павлодар қаласының полиция департаментінде кезекті рет ашық есік күні өтті. Оған шаһарымыздың үш колледжінен жүзге жуық студент қатысты. Бұл кездесудің мақсаты жастарды ішкі істер органдарының қызметімен таныстырып, олардың қызығушылығын арттыру.
Полиция қызметкерлері студенттерге өздерінің күнделікті қызметінде қолданатын жабдықтарын көрсетті. Қатысушылар қару-жарақ түрлерімен, арнайы техникамен және қызметтік көліктермен танысты. Сондай-ақ, жылдам әрекет ету арнайы жасағының жұмысы таныстырылды.
Азамат Елеутаев, Павлодар облысы ПД жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы орынбасарының М.А.
Бүгін полиция департаменті колледж студенттеріне ашық есік кнін өткізеді. Біз жастарды полиция жұмысымен таныстырамыз. Оларды полиция қызметіне шақырамыз. Балаларға арналған қару-жарақ, көлік көрмесі ұсынылады. қызметтік иттің жұмысын көрсетеміз.
Шара барысында студенттер қызметтік иттердің жұмысын да тамашалады. Иттер қылмыс ашу, іздеу, есірткі заттарын анықтау сынды күрделі тапсырмаларды орындайды. Айта кетейік, осындай ашық есік күні он екінші мәрте өтті.
Ерден Мәулет, студент
Мен жас сарбаз клубының мүшесі боламын. Осы жас сарбаз мүшесі болғандықтан, осындай шаралар өте маңызды. Өте пайдалы.
Сәния Жайлаубай, студент
Мен бірінші рет келіп тұрмын. Маған қатты ұнады. Біз иттермен фотоға түсіп, қару жарақтармен таныстық. Әскери көлікпен таныстық. Бәрі ұнады. Көліктің ішіне отырған маған қатты ұнады. Бәріне рахмет.
Жасөспірімдерге есірткімен күрес және құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде дәріс оқылды. Тәртіп сақшылар студенттерге ішкі істер органдарына қызметке тұру тәртібі мен ІІМ академиясына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Сабина Жолдаспаева