Аймақта алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары толық аяқталды. Биыл бұл бағытта ауқымды шаралар жүзеге асырылған еді. Энергия көздерінде негізгі 37 жабдық жөндеуден өтті. Электрмен жабдықтау желілерінде 2 мың 115 шақырым желі мен 712 дана техника толықтай қалыпқа келтірілді.
Жылумен жабдықтау жүйесінде де бірқатар маңызды жобалар іске асырылды. Жалпы ұзындығы 31 шақырымнан асатын жылу желілеріне жөндеу жүргізілді. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Павлодар қаласында ұзындығы 6 шақырым болатын жаңа ТМ-20А жылу магистралінің құрылысы аяқталуға жақын.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
Барлық шараларды іске асыру қорытындысы бойынша жылу желілерінің тозу деңгейі 79,7 пайыздан 78,2 пайызға немесе 1 жарым пайызға төмендеді. Жылыту кезінен бастап әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үй толық қамтамасыз етілді. Оның ішінде 566 білім беру нысаны, 305 денсаулық сақтау нысаны, 2499 көп қабатты үйлер. Барлық 394 қазандық облыстарға уақытылы іске қосылды.
Бұл жұмыстардың нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 1,5 пайызға төмендеді. Облыстың үш қаласында гидравликалық сынақтар өткізілді. 295 ақау анықталып, дер кезінде жойылды. Жылыту маусымы басталған сәтте барлық әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер толық дайын болды.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
Өңірде қатты отын бағасын тапшылығын болдырмау және тұрақтандыру мақсатында ірі көмір өндіруші компаниялар арасында Павлодар облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. 2025-2026 жылыту кезінен басынан бастап қала әкімдіктерінің атына жылу мен жабдықтау сапасына байланысты мәселелер бойынша, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы 223 өтініш келіп түсті. Бүгінгі таңда азаматтардың жылумен жабдықтаудың болмауына немесе сапасыздығына байланысты барлық өтініштер белгіліенген тәртіппен пысықталды.
Барлық 394 қазандық дер кезінде іске қосылды. Қатты отын жеткізу де жоспарлы түрде жүреді. Қазір облыс қоймаларында шамамен 40 мың тонна көмір бар. Оның 11 мың тоннасы Павлодар қаласында сақталған. Тұрғындарды сапалы жылумен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімдігінің бақылауында.
Сабина Жолдаспаева