Тереңкөл ауданында қызмет барысында қаза болған полиция қызметкерлері Ахметқалы Тезекбаев пен Фарид Қақабаевты еске алуға арналған спартакиада өтті. Оған облыстың әр ауданы мен қалаларынан командалар қатысты.
Бұл жыл сайынғы турнир. Спорттың бірі неше түрі бойынша өтеді. Оның ішінде волейбол турнирі ең тарысты, қызу жарыстардың бірі. Қызметтік міндеттерін өтеу барысында қаза болған әріптестерін полиция қызметкерлері жыл сайын осылайша спорттық рухта еске алады. Биылғы жарысқа да облыстың әр ауданынан көптеген команда келді.
Жамбыл Мұқашев, Павлодар облысы полиция департаменті арнайы кәсіби дайындық бөлімінің бастығы
Спартакиадаға 13 команда қатысып жатыр. Спорттың бес түрі бойынша сынға түсуде. Тартылу, берпи, армлеслинг, гір көтеру, волейбол сияқты спорт түрлері бойынша сайысуда. Армлеслинг. Спорттың осы бес түрі бойынша Павлодар облыстық полиция департаментінің қызметкерлерінен құрылған командалармен бірге «Жас сақшы» мектебінің тәрбиеленушілері де қатысуда.
Волейбол турнирі ерекше тартысқа толы. Полиция қызметкерлері физикалық дайындықтарын шыңдап, әрі мүмкіндіктерітн бір сынап алуға мүмкіндік алды. Бұндай турнирлер жиі өтіп тұрады. Бұл турнирге 80 ге жуық қызеткер қатысып, жарыстың көркін қыздырған.