Негізгі Жаңалықтар Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады

Қалалық сот баспасөз қызметінің ақпаратынша,  «Павлодар-Су арнасы» ЖШС желілері өтетін аумақта тиісті рұқсат қағаздарсыз үй салына бастаған. Алайда келісімшартта жер учаскісін сатып алу процесі  2021 жылдың 1 мамырда болғаны жазылған. Сондай-ақ, қала тұрғыны Сәулет және қала құрылыс бөлімінен барлық рұқсат құжаттарын алған. Оның ішінде жобалау, эскиздік жұмыс жобалары бар.    Сондықтан құрылысты заңсыз деуге болмайды.

Руфат Ерғалиев, Павлодар қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Кәріз құбыры бір ғана үйдің астынан өтеді. Жауап беруші  сәулет пен қала құрылысы бөлімінен барлық құжаттар алған. Оның ішінде сәулеттік жоспарлау құжаты да бар. Осылайша сот талапты қабылдамады.

 

Самал Қалиқызы

Бөлісу