Биылғы педагогикалық кеңес ешқандай ірі іс-шарасыз мектеп ұжымының қатысуымен ғана өтіп жатыр. Кеңестің күн тәртібінде жаңа оқу жылындағы оқу форматтары, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі, санитарлық талаптарды сақтану, қашықтан оқыту сынды сұрақтар қарастырылуда. Педагог имиджі мен этикеті, білім беру интернет-платформаларының жұмысы да ортаға салынды.
Салтанат Шабажанова, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицейдің директоры:
Сабақтан қашықтан өткен жағдайдың өзінде 2 түрлі форматта беріледі. Синхронды, асихронды. Мұғалімдерде бірнеше сұрақтар туындайды. 5 сыныптарда, 9-11 сыныптарда. Педагогикалық кеңесте біз осы мәселерді жеке отырып, қарастыраатын боламыз.
Сондай-ақ, биылғы жылдың бір ерекшелігі мектептерде кезекші сыныптар жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда сабақ кестесі әзірленіп жатыр. Кезекші сыныптарда оқушылар саны 15 баладан аспайды. Одан бөлек, оқушылар бірнеше ауысыммен оқиды. Себебі, бір сынып бір сыныппен кездеспеуі керек деді, мектеп директоры Салтанат Шабажанова. Биыл бағалау жүйесіне де өзгерістер енгізілген.
Салтанат Шабажанова, дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицейдің директоры:
Бұрын өздеріңіз білесіздер, 4 тоқсанда бағалау бөлім бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау деп бөлінсе, осы жолы қалыптастырушы бағалауды да ескеретін боламыз. Бала сабақты тыңдап отырып, жұмысты жасамай, мұғаліммен кері байланыс болып, қалыптастырушы бағалау болады. Қалыптастырушы бағаның негізінде шығарылатын болады.
Айта кетейік, қалыптастырушы бағалау дегеніміз балалардың күнделікті сабақта алатын бағасы. Мұғалімнің сындарлы түрде кері байланысы.
Самал ҚАЛИҚЫЗЫ