Өздерін қалалық әкімдіктің қызметкерлеріміз деп таныстырған алаяқтар мемлекет қорынан баспана мәселесін шешіп, кезектен тыс алуды ұсынады. Қызмет әлібетте ақылы түрде көрсетіледі. Алаяқтықтың тағы бір түрі инкассаторлар баспана кезегінде тұрған кейбір павлодарлықтарға телефон соғып несиелерін жабу керектігін айтқан.

Айнұр Шүкеева, Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің бас маманы:

Ол адамның кезегі келгенде акимат зфондайды, только біз звондаймыз. Кредит бар ма, жоқ па акиматқа керек емес.

Әкімдік мамандары баспана беру тәртібін ешкім өзгертпегендігін ескертеді. Барлығы тұрғын үй қатынастары туралы заңның 74-бабына сәйкес.

Бүгінде Павлодарда баспана кезегінде 16 мыңнан астам адам бар. Оның 2509-ы жетім балалар, 910-ы көп балалы отбасы, 6767-сі халықтың әлеуметтік осал топтары, сондай-ақ 6016 мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, баспанасы апатты деп танылған 43 адам бар.

 

Жанасыл Серікбол, Мурат Абилмажит