Павлодар облысында жылқы шаруашылығы соңғы жылдары жақсы дамып келеді. Бие байлап, қымыз өндіру ата баба дәстүрі қайта жаңғыруда. Осы бағытта жұмыс жасап, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қаншама. Бұл орайда Железин ауданында да қымыз өндірісі қарқын алуда.
Сұлтан Самарқанов, кәсіпкер:
Әке шешеміздің көмегемен бастадық. бала кезімізден қымыз қалай дайындалатын солай үйрендік. Жолдасым 5 млн грант ұтып алды. Қиыншылықтар болды. қазір жұмыс жүріп жатыр.
Кәсіпті Сұлтан мен келіншегі Гүлнұр бірге бастаған. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша арнайы оқудан өтіп, бизнес жоспар жазып, 5 млн теңге көлемінде грантты алды. Бұл қаражатқа тиісті құрал жабдықтар алынды. Бірақ елдегі індет жұмысты кеш бастауға септігін тигізді. Енді міне Железин ауданының қымызы облыс орталығында да саудаланады.
Сұлтан Самарқанов, кәсіпкер:
Негізінен биені біз саумаймыз. Арнайы аппаратпен сауылады. Бүкір процесс автоматтандырылған. Үш жұмыс орын өқұрылды. Осында басқарып қарап жүремін. Үккіметтің осылай жағдай бергеніне рахмет.
Железин ауданында қымыз өндірісімен айналысатын жалғыз жанұя - Бекмахамбетовтар. Сондықтан кәсіпті кеңейтіп, қосымша жаңа жабдықтар мен аппараттарды сатып алудың маңыздылығы жоғары. Кәсіпкерлер осы бағытта жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр.
Самал Қалиқызы