Май ауданының орталығында «Ұлттық құндылықтар – ел болашағы» атты конференция өтті. Шара дәстүрлі рухани құндылықтарды дәріптеу және қоғам арасында жат діни ағымдардың таралуының алдын алуға бағытталды. Толығырақ – тілші материалында.
Конференцияда қоғам үшін маңызды әрі өзекті тақырып қозғалды. Шара барысында лекциялар мен тренинг ұйымдастырылып, ұлттық болмысты сақтау және діннің атын жамылған теріс ағымдардың алдын алу жолдары кеңінен талқыланды.
Жайрангүл Рахманбергенова, Май ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
«Осындай шаралар Май ауданының тұрғындары ұшін өте қажетті және бірден-бір нәтижелі шара болады деп сенеміз. Себебі осындай кездесулер арқылы ауданымыздың тұрғындарының арасында ұлттық мәдениетке, дәстүрге және мұраға деген құрмет арта түседі деп сенеміз. Жастарды, оқушыларды, полиция қызметкерлерін, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдай қызметкерлерін және де ауыл тұрғындарын, мемлекеттік қызметкерлерді, медицина қызметкерлерін – яғни барлы санатағы адамдарды біз қамтуға тырыстық. Себебі тақырып өзекті болып тұрғандықтан, осындай шешімге келдік»
Шараның спикерлері ретінде облысымыздың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы мен Дін істері комитетінің дін мәселелері жөніндегі республикалық акпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Гүлназ Рыздықова қатысты. Олар елімізде тыйым салынған ұйымдар, жат ағымдардың белгілері, қаупі мен салдары, сондай-ақ олардан сақтану жолдары жөнінде мәлімет беріліп, презентация ұсынылды.
Гүлназ Раздықова, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі
«Ең басты мақсаты – жастарға жат ағымдар дейміз немесе диструктивті ағымдар дейміз – сол туралы хабар беру. Соның ішінде жат ағымдардың қаупін түсіндіру, сот шешімі бойынша экстремистік және террористік ұйымдар туралы мәлімет беру жастарға, өз-өзін қалай сақтандыру керек, әлеуметтік желілде экстремисті және диструктивті ағымдардың қандай қаупі бар, қалай өздері жұмысын жасайды жасырын түрде, балалармен қалай жұмыс істейді – сол туралы бүгін жасөспірімдерге көп мәлімет береміз.»
Кездесуге қатысушылар да белсенділік танытты. Олар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандардан жауап алды, сонымен қатар тақырып төңірегінде ойларымен бөлісті.
Сәния Закариянова, Ақжар ауылдық кітапханасының қызметкері
«Мұндай ақпараттар оқушыларға болсын, көрермендерге, тұрғындарға болсын маңызды, керек деп ойлаймын. Мұндай шаралар болып тұруы керек, тренингтер. Себебі бұл тақырыптар өте маңызды, маңызды деп ойлаймын»
Гүлдара Майманова, Е. Мұқашев атындағы ЖОББМ дирекоры
«Мәселе өте өзекті. Бүгінгі күні енді біліп жатырмыз көптеген балалар, көптеген ересектер шатасып жатыр, білмей жатыр, ал соның барлығының аражігін айтып, дұрыс бағыт-бағдар беріп жатыр және түсіндірме жұмыстары жақсы жасалып жатыр. Диструктивті бағыттар бар екенін, террористік бағыттар бар екенін – соның барлығын балаларға жеткізіп жатыр, көздерін ашып. Өйткені олар болашақта барлығын біліп жүруі керек.»
Мұндай кездесулер қоғамның діни сауатын арттырып, тұрғындардың, әсіресе жастардың теріс идеологиялардың ықпалынан қорғануына және ұлттық құндылықтарды берік ұстануына септігін тигізеді.
Жұлдыз Қабылденова