Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінде қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай әлемі» атты кеш ұйымдастырылды. Рухани шара барысында арнайы қонақтар мен оқушылар ақын мұрасын насихаттап, тағылымды пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ жасөспірімдер Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Кештің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Абай мұрасын танытып, ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар оқушылардың әдебиетке, мәдениетке деген қызығушылығын оятып, рухани тәрбиесін дамытуға басымдық берілді.
Самал Айғазинова, «Дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімі
Біздің мектебімізде бүгін адал азамат бағдарламасы аясында абай құнанбаевқа арналған әдеби кеш өтіп жатыр.соынмен қатар біздің мектепте 2 жыл қатарынан абай олимпиадалары өтеді. Шарада балалар өлең оқып қойылып қоятын болады. Басты мақсаты саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Кешке Абай облысынан арнайы келген қонақтар да қатысты. Соның бірі – Мұхтар Әуезов музей-үйінің меңгерушісі оқушыларға хакім Абайдың ақындық ортасы мен шәкірттері туралы кеңінен әңгімеледі. Сонымен қатар Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған жылжымалы музей көрмесін ала келіп, жас оқырманға құнды деректер ұсынды.
Әдеби кеш барысында оқушылар Абай әндерін орындап, қара сөздерінен сахналық көріністер қойды. Хакімнің тағылымға толы мұрасы арқылы жастар адалдық, білім мен адамгершілік құндылықтарын тереңінен ұғынуға мүмкіндік алды.
Әдеби кеш барысында оқушылар Абай мұрасымен тереңірек танысып, ұлттық құндылықтардың маңызын ұғынды.
Дильназ Қуанышбекқызы