Екібастұздық «Ертіс-Баян» театры гастрольмен Павлодар қаласына келді. Қадамын енді басқан өнер ұжымының бұл алғашқы сапары. Гастрольдік сапардың алғашқы күні Павлодар жұртшылығына Мұқағали Мақатаевтың «Қош, Махаббат» қойылымын ұсынды.

«Ертіс-Баян» театрф үлкен өнер өнгерге осы қойылым арқылы қадам басқан еді. Былтыр қазан айының соңында барша өнер сүйер қауымға жар салып, тұсауларын кескен. Осылайша Екібастұз тек еңбекшілердің ғана қаласы емес, өнердің де ордасы болуы керектігін көрсете алған. Сол кезде көпшілік «Қош, махаббат» қойылымына қол соққан.

 «Қош, махаббат» - танымал қойылым. Қазақстанның көптеген сахналарында ұсынылған. «Ертіс-Баян» театры бұл спектакльге қайта оралып, жастық шақтың мәңгілік сезімін қайтадан сахнаға алып келді.

Театр қазір Екібастұздағы «Өнер» мәдениет сарайында жұмыс жасауда. Алдағы уақытта жеке ғимаратқа көшуді көздеп отыр. Екібастұз қаласы қаласы мен облыс әкімдігі тарапынан да бұл мәселеге қолдау көрсетілетіндігі ай»тылған. Ал, гастроль аясында Павлодар жұртшгылығына «Қош, махаббаттан» бөлек, «Ғашықтар хикаясы» қойылымы да ұсынылды. Алдағы маусымда көрермендерге жаңа премьера дайындауда.