Павлодар қаласында «Auyl Jastary: Цифрландыру және жасанды интеллект» атты өңірлік жастар форумы өтті. Ауқымды шара ауыл жастарының заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, цифрлық сауаттылықты дамытуға бағытталды. Форумға өңірдің студенттері, белсенді жастар, сарапшылар мен қоғам өкілдері қатысты.

«Ауыл» партиясының «Ауыл жастары» қанаты өңірлерді аралап, ауыл-аймақтардан келген студенттерге цифрландырудың артықшылықтарын түсіндіруді жалғастырып келеді. Форум барысында IT саласындағы жаңалықтар, жасанды интеллектінің мүмкіндіктері, оның білім беру мен күнделікті өмірдегі маңызы кеңінен талқыланды.

Мақсатбек Абдужаппаров, «Ауыл» партиясы орталық аппараты креатив және жастармен жұмыс департаментінің директоры

Бұл жерде ЖИ туралы тек айтып қана қоймай, қалай қолдану керектігін айтамыз. Ауылда отырып қандай табыс табуға болатынын айттық. Барлығын үйретіп, көрсетеміз. Сонымен қатар ауыл жастарының бағыты ауылдағы жастарға мүмкіндік беру. Ауыл партиясы әрдайы барлық бағыттағы жұмыстарға қолдау көрсетеді. Ауылдағы жастардың жаң буынға шығуана қадам жасайды.

Шара аясында сарапшылардың баяндамалары оқылып, пікірталас алаңдары ұйымдастырылды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен еркін форматта пікір алмасты. Форум барысында белсенділік танытқан студенттер «Ауыл» партиясының қатарына қабылданып, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Толғанай Қанағатқызы, Павлодар қаласы жоғары экономикалық колледжінің студенті

Жаңадан келген мүшесімін. Маған ұнайтыны ауыл партиясы жастарға ерекше қарайды. Бүгінгі форум бізге арналған. Ауыл партиясының жастар қанаты болып келемін. Бүгін маған алғыс хат табысталды.

Ұйым өкілдері жастардың заман талабына сай білім алып, жаңа технологияларды игеруі маңызды екенін атап өтті. Жастарға арналған мазмұнды шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Сабина Жолдаспаева