Биыл қоғам аз қамтылған, жетім, жесір әйелдерге 47 млн теңгеге көмек көрсетті. 370 отбасы жәрдемақы алады. Есеп шотқа ай сайын 49 доллар жіберіледі. Қазіргі уақытта қосымша тағы 100 жанұяның құжаттары жіберілді.
Гүлнәр Исақанова, «Қызыл жарты ай» ҚҚ филиалының директоры:
Ол құжаттарды бірінші Алматыдан қарастырады. Сосын Абу Дабиге жіберіп сол жерден донор, спонсор дейміз солар табылған кезде бізге хат жібереді. Біз осы отбасыларды тауып оларға хабарлаймыз. Сосын олар необходимый перечень дейміз ғой құжаттарды жинап, бізге тапсырады.
«Қызыл жарты ай» қоғамы кез келген жағдайда көмекке мұқтаж жандарға жәрдем береді.
Гүлнәр Исақанова, «Қызыл жарты ай» ҚҚ филиалының директоры:
Ауыратын балалар болады, инвалид балалар болады. Көптеген осындай отбасылар бізге келіп, звондап, жазып жатады. Біз шамамыз келгенше қол ұшын блереміз. Азық түлік алып береміз. Сангигиена дейміз. Қолымыздан келген жәрдемімізді көрсетеміз. ешкімді құр қол қайтарған жоқпыз.
Өткен жылы Қызыл жарты ай қоғамы төтенше жағдайлар департаментімен өзара ынтымақтастық аясында меморандумға қол қойған. Еріктілер құтқарушылармен бірге оқу тәжірибелік жұмыстарға қатысады.
Ақылбек Баяхметов, ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
Қоғаммен біз қоян қолтық жұмыс жасаймыз. Олар бізге шомылу маусымы кезінде су үстінде абай болуы жайында үгіт насихат жұмыстарын жүргізеді. Жаз мезгілі кезінде ақпараттық топ құрылды. біз осы ұйыммен балалар демалыс лагерьлеріне барып төтенше жағдай орын алған кезде қандай алғашқы медициналық көмек көрсету керектігі жайында түсіндірді.
Ұйым медициналық, гуманитарлық көмек көрсетеді. Донор болып қан тапсырады. Аталмыш қордың өкілдері аймақтың әр ауданы мен қалаларында бар.
Әйгерім Тоқпанқызы