Жұмысшы мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттер үшін үлкен тәжірибе алаңы саналатын байқау тағы да ұйымдастырылды. Бұл жолы болашақ мамандар құйма құю өндірісі бойынша өз білімдері мен шеберліктерін сынға салды.Толығырақ алдағы сюжетте.

Құйма құю өндірісі — қазіргі заманғы машина жасау, металлургия және энергетика салаларында кеңінен қолданылатын, күрделі технологиялық процестерді қамтитын өндірістік бағыттардың бірі. Осы салада білім алып жатқан студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында байқау ұйымдастырылды. Онда қауіпсіздік ережелерін сақтау және құйманың сапасын қамтамасыз ету негізгі бағалау критерийлері болды. Жас мамандардың техникалық сауаттылығы мен ұқыптылығын эксперт мамандар бақылады.

Нұрболат Кұлынбаев, байқау эксперті

Қолмен қалыптау деген құммен қалай жұмыс істейді, құм қоспа дейміз соны тексереміз. Әрмен қарай өзекше жасау керек, оның да жұмысы көп, құйманың қуысында болады. Балаларды көреміз қалай істейтінің, не үйренгенін. Заводта істегендері де бар, олар қалай дамыды.

Құйма құю – дәлдік пен төзімділікті талап ететін күрделі процесс. Бұл байқау нәзік жандылардың осы саланы терең игеруге деген қызығушылығын арттырғаны анық.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, өндірістік ортаға бейімделуіне үлкен септігін тигізеді, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне де қол жеткізіп келеді.

Арғын Мәнібаев, Павлодар машина жасау колледжінің басшысы

Бұл мамандықты біз оқытамыз. Біздің өңіріміздегі ең үлкен кәсіпорын, ол «Алюминий Қазақстан», «ERG сервис» деген сияқты. Бұл мамандықтар балалардың жұмысқа түсуі 89 пайыз, өте жоғары. Сол жерде практикадан өтеді, сол жерде жұмысқа орналасады. Біз 5 мамандық бойынша дайындаймыз. Құйма, машинастроиление, энергетика мамандықтарымен жұмыс істейміз. 365 бала оқиды. Оның ішінде 280-бюжет арқылы оқып жатыр.

Биыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында оқу орынында тегін білім алуға 100-ден астам блім гранттары бөлінбек. Ал, осы тәрізді кәсіби бағыттағы байқаулар техникалық маман даярлау сапасын арттыруға және отандық өндірістің кадрлық әлеуетін нығайтуда зор маңызға ие.

Қымбат Садық