Павлодар облысында 28 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Бұл ұйымдар құрамында 400 ден астам бастамашы еріктілер тобы белсенділік танытуда. Волонтерлік қозғалыс қандай қызмет атқаруда? Өңірлік коммуникациялар алаңындағы баспасөз жиынында айтылды.
Волонтерлік қозғалыс - бұл азаматтық ұстаным. Өмірдің кез-келген сындарлы сәтінде қасыңнан табылатын жанашырлар тобы. Жоғалған жандарды іздеу, табиғи апат кезінде қол ұшын созу, мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік әлсіз топтарға түрлі көмек жасау, әр түрлі ауқымды акцияларды іске асыру сияқты қызмет түрлері кейді еріктілердің күш-жігері арқылы атқарылады.
Бұдан бөлек еріктілер қозғалысын ынталандыру жобалары да іске асып жатыр. Бұны волонтерлік қозғалыс пен мемлекеттің иық тіресе жұмыс істеуі деп түсінуге болады. Бұл мақсатта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үрдісі жанданды.
Еріктілер ел іргесінің бекемделе түсуіне де ат салысуда. Волонтерлік қозғалыстың маңызын Мемлекет басшысы да айрықша атап өткені белгілі. «Таза қазақстан» акциясы мен жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шараларға да еріктлер білек сыбанын ат салысуда.
Жанасыл Серікбол