Биыл «Ертіс» футбол командасының құрылғанына 50 жыл. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалы футболшылар мен жанкүйерлер арасында кездесу өткізуді дәстүрге айналдырды. Бұл жолғы кездесуге еліміздің және «Ертістің» ең үздік екі футболшысы келді. Самат Смақов пен Давид Лорияның жанкүйерлер арасындағы бас қосуы еркін пікір алмасу түрінде өткізілді. Қос спортшы өз бастарынан өткен қызықты сәттерімен бөлісті.

Самат пен Давид көп жылдар бойы ұлттық құрама сапында бірге ойнады. Спорттағы ардагер жасқа келіп қалғанына қарамастан Смақов әлі күнге құрама жейдесін киіп жүр. Қайбір жылдары екеуі де Түркияның «Ризеспор» командасында  да бірге доп тепті. Қазір де «Ертістің» намысын бірге қорғап жүр. Кәсіби спорттағы мансаптары басталғалы бері олар айырылмас досқа айналған.

Жанкүйерлер футболшыларға түрлі тақырыптағы сұрақтар ретін жаудырды. Әсіресе оларды, спортшылардың жеке өмірлері, табынушылары кім, ең алғаш соғылған гол, карьера соңын қайда және қашан аяқтағысы келеді деген сауалдар көптеп қызықтырды.

Самат Смақов елімізде футбол спортын дамытуға айтарлық үлес қосып жүр. Оның қазақстанның әр түкпірнен ашқан футбол мектептері бүгінде, болашақ чемпиондарды дайындау үстінде. Айта кетейік, Самат Смақов 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2000 жылы Иордонияға қарсы ойында өткізді.  Жалпы ол құрама сапында 62 ойын өткізген. 2004 жылы отбасын құрды. Қазірде үщ баланың әкесі.

Ал, қақпашы-Давид Лория 1981 жылы Астана қаласында дүниеге келген. Ұлты-грузин. 2005 жылы шаңырақ көтерген Давид, бүгінде екі баланың әкесі. Жанкүйерлермен ашық сөйлесіп, кемшін тұстары мен артықшылықтарын саралап алған команда алдағы матчтарда жарқын ойын  көрсететіндерін жеткізді.

Назерке ҚАНАҒАТ