1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Павлодарда ерекше форматта кездесу өтті. «Ауыл» партиясының облыстық филиалы «Жасанды интеллект жасқа қарамайды» атты шара ұйымдастырды. Онда зейнеткерлер мен жастар бас қосып, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолданудың қыр-сырын бірге меңгерді. Тілші әңгімесінде.
Қазір ақпаратты технология дамыған заман. Керекті ақпаратты қалтаңыздағы телефоннан білу болады. Бұған қоса, әлем жасанды интеллект дәуірінде өмір сүруде. Сондықтан, егде жастағы азаматтардың бұл өзгерістерден қалыс қалмауы керек. Бұл заман ағыны. Бүгін партия мүшелері ардагерлер кеңесінде зейнеткерлерге ChatGPT, E-gov қызметтерінің мүмкіндіктерін көрсетіп, таныстырды.
Кездесу барысында цифрлық қосымшалар мүмкіндіктері туралы айтылды. Сондай-ақ мамандар интернет-алаяқтардан қорғану жолдары жайында кеңестер берді.
Әділбек Әміренов, Марғұлан университетінің қауымдастырылған профессоры
қарт болсын, қария болсын, жас болсын ғылыми техникалық прогрестен қалмау керек. Егерде қалып кетсең, қалып қойдың деген сөз. Сондықтан қазір жасанды интелекті мектептерде, жоғары оқу орындарда бардық өндіріс орындарында қолданып жатыр. Ал енді үлкен қарттарға не үшін керек дейсіз. Өткенде бір отырыста ақсақал сұрады. Осы жасанды интеллект арқылы шахмат ойнауға бола ма деп. Сұрайды сосын.
Технологиялық сабақ барысында аға буын өкілдері толық мағлұмат алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға дағдыланды. Партия мүшелері осындай кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Әйгерім Тоқпанқызы