Кеше ғана «Қайрат» және «Реал Мадрид» командасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңі аясында ойын өткізді. Осы орайда, әлемге әйгілі, үздік футбол клубының елімізге алғаш рет келгендігін айта кеткеніміз жөн. Бұл тарихи сәтті барша Қазақстан халқы қалт жібермей қарады. «Ертіс» телеарнасы мен жастар бастамаларын дамыту орталығы жанкүйерлер үшін арнайы көрсетілім ұйымдастырды.
Бұл матчты барша ел тұрғындары тарихи сәт ретінде бағалады. Күз мезгіліндегі футбол мерекесі ретінде қабылдады. Ешкім де бей-ай қарамай еліміздің танымал клубына қолдау білдірді. Павлодарлық жас жанкүйерлер де ұйымдасып, жастар бастамаларын дамыту орталығына жиналды.
Еламан Қабділәшім, ақын, футбол жанкүйері
Жанкүйер команданың 12-ойыншысы. Ойын қандай нәтижемен аяқталса да қазақ футболы үшін үлкен жетістік. Сеебебі, «Қайрат» бізге әсердің ең озығын сыйлады. Осындан 10 жыл бұрын қалай жанкүйер болдық. Биыл да халық болып халық командасын қолдай береміз
Ойны нәтижесі баршасына белгілі. 0:5 есебімен «Реал Мадрид» клубы басым түсті. Алайда, «Қайрат» та жақсы ойын өрнегімен көзге түсті. Осы деңгейге шығу үшін де қаншама жолдардан өтті.
«Қайратты» алдағы уақытта да үлкен ойындар күтіп тұр. Әоемнің «Арсенал», «Интер» сияқты командарымен ойнайды. Қазақ футболында сара жол салған команданың жолына жанкүйерлері әрқашан сәттілік тілейді. Әрқашан бірге.
Жанасыл Серікбол