Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов келді. Елордалық мейман бүгін облыс әкімдігінде өңірдің қоғамдық бірлестік мүшелерімен және салаға жауапты ведомство басшылармен жиын өткізді. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әл ауқатын жақсартатын- әлеуметтік сала. Бүгін мемлекетімізде бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі мәлімдеді.Оның айтуынша, халықты әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, мемлекет үшін басты басымдықтардың бірі.
Асқар Биахметов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Президент атап өткендей еліміздің басты құндылығы адам екенін. Әлеуметтік қолдау тиімділігін арттыру біздің басты мақсатымыз. Ол нақты және атаулы болуы тиіс. Бүгінгі күні мемлекеттің барлық міндеттемелері толық орындалуда. Зейнетақы, жәрдемақы уақытылы төленуде. Ағымдағы жылы 1 қыркүйегінде республика бойынша зейнетақы мен жәрдемақ 5,3 млн адам некмесе 4,6 трлн алса павлодар облысы бойынга 198 млрд теңгеден астам сомаға 240 мың адма қамтылды.
Бұған қоса, вице министр әлеуметтік төлемдер қысқартылмайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, зейнетақы, мүгедектік, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен басқа да мемлекеттік төлемдер толық көлемде сақталады. Біздің өңірде мемлекеттік қолдау жан жақты қамтылған. Жұмыспен қамту, кәсіби бағдар беру қолға алынған.
Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Кәсіби оқтыумен 2589 адам қамтылды. Бастау бизнес кәсіпкерліктің негіздері бойынша 1690 адам оқытылды. Ағымдағы жылы Павлодар облысы бойынша 1 млн 572 мың теңге 440 грант беру жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 400 грант берілді. Қалған 38 грант берілетін болады.
Сондай-ақ көші қон саясаты сәтті орындалып келеді. Былтыр мыңнан аса қандасымыз қоныс аударса, биыл да жалғасын табады. Квота беріліп, әлеуметтік төлемдер төленеді.
Самал Қадырова, Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
Ағымдағы жылдың басынан бері өңірлік қандастарды қабылдау квотасына 823 адам енгізілді. Бұл жылдың жоспардың 80 пайызын құрап оытр. Қандастардың көбі Қытай, Өзбекстан Ресей елінен келеді. Отбасын қабылдау жоспарлануда.
Кездесу барысында вице-министр биылдан бастап жұмысқа орналасу тәртібі өзгергенін айтты. Енді адам жұмысқа тұрды деп есептелуі үшін, оның еңбек шарты және зейнетақы жарналары төленуі керек. Бұл өзгеріс жұмыспен қамту деректерін нақты көрсету үшін енгізілген. Айта кетейік облыста 16 мың аса адам жұмыспен қамтылды.
Әйгерім Тоқпанқызы