Павлодар қаласында Қарттар күні елеусіз қалмады. Қазан айының алғашқы күніне орай ардагерлерге арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып, жылы лебіздер мен көңілді кеш тарту етілді. Бұл — қарттарымыздың еңбегіне деген құрметтің жарқын көрінісі.
Павлодар қаласында 62 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында қалада 8 аудандық, 5 ауылдық ардагерлер кеңесі және 227 бастауыш ардагер ұйымы жұмыс істейді.
Қайырманат Батталова, Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы
Шағын аудандардағы зейнеткерлері концерт қояды, қарттар, ардагерлер үйіне барып концерттер қояды. осы бүгін Естай атындағы мәдениет сарайының ұжымы бізді құрметтеп бізге концерт берейін деп жатыр.Осындай концерттер барлық жерде болып жатыр.
Концерттік кеш Павлодар қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бұл — ардагерлерге деген мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қамқорлығының айғағы.
Қарттар – еліміздің тірегі, тарих пен тәрбие мектебі. Оларға құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Дильназ Қуаыншбекқызы