Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов жұмыс сапарымен Железин ауданына барып, күзгі егін жинау барысымен танысты. Шаруалар егістік алқаптың 71 пайызы орылғанын айтады. Толығырақ алдығы сюжеттен көрейік.

Железин ауданында күзгі жиын-терін жұмыстары қарқынды. Айта кетейік, биыл жалпы егістік көлемі 208 мың 800 гектарды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,6 мың гектарға артық.

Айтуған Шайхимов, железин ауданының әкімі

 Жалпы өнімді әртараптандыру үшін биылғы жылы тәнді дақылдар 122 мың гектарға себілді. 10пайызға аз себілді өйткені майлы дақылдар көбейтілді.20мың гектарға майлы дақылдар көбейтілді. 40 пайызға өсіп отыр.

Бүгінде егістік алқаптың 71 пайызы орылды. Ауа райы да қолайлы. Егін уақытылы жинауға мүмкіндік берді. Жиналған өнімнің орташа өнімділігі гектарына 18 центнерге құрап отыр. Бұл – былтырмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Мәселен, бұл көрсеткіш 12 центнер болған.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

 мына 208 мың гектар жердің 85 гектары 71 пайызы орылды. Ылғалдылығы өткен апталарда 12-14 шамасында болды. Мұны тура соғуға мүмкіндік берді.1 жұманың ішінде жақсы көрсеткіш көрсетті.70 пайызға жеткізді.Жалпы өнімділігі 18ге жетті. Өнімділігі 17.3 болған өткен аптада. Осы аптада 18 ге жетті. Бұл рекорддтық көрсеткіш.Былтыр 12 болатын.Бүгінгі күні 138мың жиналды.160-170 тонна азық жинаймыз деп жоспарлануда.

Жиын-терім науқанына 260 комбайн жұмылдырылды. Биыл тағы 6 жаңа техникамен толықты. Сонымен қатар, 4 жаңа механикаландырылған ток салынып, өнімді қабылдау мен өңдеу жұмыстары жеделдетілді.

Айтуған Шайхимов, Железин ауданының әкімі

Жаңа техникалар жеткілікті көлемде алынуда. Комбайндар саны 260. Жаңа 6 комбайн, 4 мехток салынды.

Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында жалпы сомасы 4,9 миллиард теңгеге 55 несие берілді. Жанар-жағармаймен де толық қамтамасыз етілген.44 244 тонна отын қажеттілікке сай бөлінді. Жанармай тапшылығы жоқ. Жұмыс сапары барысында облыс басшысы Прииртышск ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауыл халқы

үйлеріне жылу тартуды сұрайды.

 Өңір басшысы көтерілген мәселердің назардан тыс қалмаймтынын айтты. Жалпы, Егін жинау науқаны Железин ауданында жоспарға сай жүріп жатыр.

Дильназ Қуанышбекқызы