сАтаулы күн аясында қаттарға арналған концерттік бағдарламалар мен марафондар өтуде. Облыс тұрғындары әркез жасы үлкен қарияларға қамқорлық жасап келеді. Жасай да бермек. Қарияларға қамқорлық ұрпақтары тарапынан ғана емес, мемлекеттен де жасалады. Бар ғұмырларын елдің өсіп-өнуіне, мемлекеттің дамуына арнаған жандар қандай құрметке болса да лайық.
Демеушілер «Қамқорлық» акциясына қатысу үшін жергілікті атққарушы мекемелерге келуіне болады. Әлеуметтік бағдарламалар басқармасы да шараға ат салысуда.
Өңірде, облыс орталығында қариялардың өмірін жақсартуға, олардың әр түрлі іспен айналысуына қызмет ететін «Ұзақ өмір сүру орталығы» жұмыс істеуде. Онда зейнеткерлер әр түрлі үйірмелерге қатыса алады. Қызықты шаралар ұйымдастырады.
Марат Қожахметов, Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары
Бізде иога, хареография, фитнес, жеңіл атлетика сияқты спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Білім беру бағытында тіл үйрену, компьютер үйірмелері бар. Дизайнерлік, аспаздық, өлкетану бағытындағы шығармашылық үйірмелер де бар. Қазіргі уақытта бізге 800 ден астам адам тұрақты келеді. Жыл басынан бері онда 170 тен астам шара өтті.
Сонымен қатар, Павлодар облысыда 6 қарттар үйі бар. Онда 2700 ден астам қария өмір сүруде.
Ж.С