«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Шуақты шақ» атты ақпараттық шара ұйымдастырылды. Оған зейнеткерлер мен жастар қатысты. Негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамдық тәртіп пен құқықтық мәдениетті арттыру. Толығырақ әріптесіміз әңгімелесін.
Қатысушылар құқықбұзушылық тақырыбындағы квиз ойындарына қатысып, спорттық сайыстарда да өзара бақ сынасты. Сонымен қатар, ақпараттық бөлім аясында Полиция департаменті қызметтік иттердің көрсетілімін ұйымдастырды.
Русана Сулаймонова, «Жасыл Ел» поф директоры
Шуақты шақ деген іс шара. Әрине бұл біздің мерекеміз Заң мен тәртіп аясында өткізілп жатқан іс -шара....өте пайдалы ақпарат болады деген сенімдемін
Жоба қатысушыларының басым бөлігі – зейнет жасындағы қала тұрғындары мен жастар. Мақсат – аға буын мен жас ұрпақ арасында өзара сабақтастықты нығайту. Әрі, салауатты өмір салтын насихаттау.
Гүлнәр Оспанова, Павлодар қаласының тұрғыны
Айта кетейік, сайыс қатысушыларына сыйлық қарастырылған. Үздік қатысушыға велосипет табысталды.
Байтұрсын Жұмабай