Бүгін– халықаралық Радио күні. Осы саланың тарихы ғасырдан аса уақытты қамтиды. Өңірімізде де радио қашан хабар тарата бастады?

Облыстық «Халық радиосы» 1938 жылы хабар тарата бастады. 105 фм желісі ел аумағында жаңалықтарды, мәдени шараларды, әлеуметтік тақырыптарды жариялайды. Радио ұжымы тікелей эфир жүргізіп, тұрғындармен байланысады. Арнайы айдарлар дайындайды.

Айдана Коканова, халық радиосының жаңалықтар жүргізушісі

Радио өзінің актуалдығын жоғалтқан жоқ. Бүгін де бізде әртүрлі бағытта бағдарламалар жүреді. Таңғы эфир, жаңалықтар қызметі. Ойын-сауықтық, ақпараттық бағдарламаларымыз бар. Сол бағыт бойынша жұмыс жасаймыз. Әлемуеттік желіде мысалы біз тікелей эфирге кіріп, радио тыңдармандарымен байланысқа шығу мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, бізде Тілек тайм құттықтау сазды бағдарламамыз жүріп жатыр.

80 жылдан астам тарихы бар өңірлік радионың тыңдармандарының қарасы қалың. Қазір «Халық радиосында» 20-ға жуық маман қызмет етеді. Олар эфирдің сапалы шығуына жауапты. Редакцияда жас мамандар да жұмыс істейді. Үлкен тәжірибесі бар қызметкерлер жастарға бағыт-бағдар береді.

Айдана Коканова, халық радиосының жаңалықтар жүргізушісі

Өзімнен үлкен, тәжірибесі мол әріптестерімнен барынша сабақ алуға тырыстым. Пайдалы кеңестерін бойыма сіңіріп, енді міне 1 жыл болды. Жұмысқа тұрып, жас маман ретінде өзімді көрсетіп жүргеніме. Әрбіреуі әр түрлі бағытта. Мысалы әріптесім Александра және Алпысбай аға,Естай аға таңғы эфирге жауапты. Өзім және Махаббат аға жаңалықтар қызметіне жауаптымыз. Сондай-ақ орыс редакциясында да жаңалықтар қызметіне жауап беретін біраз тұлғалар бар.

Радио – тек ақпарат құралы емес. Ол – тарихы терең, халықпен тікелей байланыс орнататын бұқаралық медиа. Уақыт өзгерсе де, радионың орны ерекше. Бұл саланың дамуы – осында еңбек етіп жүрген мамандардың ерен еңбегі.

Сабина Жолдаспаева