С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханада балаларға арналған жаңа мәдени бастама таныстырылды. «Читают дети» жобасы аясында өңір ақындарының шығармашылығынан құралған «Книжка детишкам» атты аудиокітаптың тұсаукесері өтті. Шараға аймақтың ақындары мен арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысты.
Кітапхана қабырғасында өткен шара балалар әдебиетін қолдау мақсатында ұйымдастырылды. Жаңа аудиокітапқа өңірімізде шығармашылықпен айналысып жүрген 18 ақынның балаларға арналған туындылары енді. Олар оқырмандарға арналған поэзияның мән-маңызына тоқталып, аудиокітаптың тұсауын кесті.
Людмила Бевз , аудиокітаптың авторы
Бұл кітаптың атауын таңдау үшін арнайы байқау өткіздік. Көптеген нұсқалар болды, бірақ көпшіліктің дауысы «Книжка детишкам» атауына берілді. Бұны Елена Вайберт ұсынды. Аудиокітапқа балаларға арналған өлеңдер мен жұмбақтар енгізілді. Ол 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға арналған. Өте қызықты кітап болды. Біз 300 дана шығарып едік, бәрі тез тарап кетті. Соған қуанып, мақтанымыз. Кітап ұлттық мазмұнды қамтыған. Еліміз туралы да жазылған. Тіпті «Алтын адам» туралы да өлең бар. Бұндай жоба Павлодарда алғаш рет жүзеге асты.
Шараға №7 арнайы мектеп-интернатының оқушылары мен №82 арнайы балабақшасының тәрбиеленушілері қатысты. Жас қатысушылар үшін бұл жоба сөйлеу мәдениетін дамытып, әдебиетке жақын болуға мүмкіндік берді. Ең қызығы, аудиокітаптың мұқабасы арнайы балалардың қызығушылығын оятатындай етіп салынған.
Александр Колодин, суретші
Суретші де, ақын да ең алдымен жұмысын сезіну керек. Сондықтан мен мұқабаны жасағанда бала кезден білетін ертегі кейіпкерлерін алдыңғы және артқы бетіне жинадым. Өйткені олар біздің өмір бойы жанымызда болған кейіпкерлер.
«Книжка детишкам» аудиокітабы – өңір ақындарының балаларға арналған шығармашылығын жаңа деңгейде танытатын тың жоба. Бұл өткен тұсаукесер жас оқырмандарға қуаныш сыйлап, әдебиет пен өнерді насихаттауға серпін берді. Алдағы уақытта 20 автордың шығармаларын қамтитын екінші том жарыққа шығады.
Сабина Жолдаспаева