Қазан айының алғашқы жексенбісі ұлағатты ұстаздардың кәсіби мерекесі. Атаулы күнге байланысты әріптесіміз шаһар тұрғындарымен ең алғашқы ұстаздарын еске алды.

Ғалым да шахтер де бас иетін ұстаз мамандығы. Мұғалім – білім мен тәрбиенің негізін қалаушы, қоғам дамуына үлес қосатын қасиетті мамандық. Ал Павлодар тұрғындарының өз алғашқы ұстаздары есінде ме екен? Анықтап көрейік.

Айта кетейік, статистикаға сүйенсек бүгінде елімізде 500 мыңға жуық жан педагоги саласын таңдаған. Білімнің кілті – ұстаз қолында, ал болашақ – сол білім алған ұрпақтың қолында.

Байтұрсын Жұмабай