Павлодарлық кәсіпорынға 28 миллиард теңге айыппұл салынды. Айыппұл арқалаған кәсіпорын қоқыстарды көмумен, қалдықтарды жюмен айналысады. Айнлайда жұмыс барысында қрескел заң бұзушылықтарға барған.

Экология департаментінің мамандары қалдықтарды шығару және көму бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Шара аясында Павлодар қаласында қоқыс қалдықтарын белгіленген мөлшерден артық жинап, онымен қоймай салықтан жалтару үшін жалған ақпарат берген мекемеме анықталды. Кәсіпорын 28 млрд теңге айыппұл төлейтін болды.

Әсет Сыздықов, Павлодар облысы экология департаменті басшысының орынбасары

 «ЭкоӘлем» серіктестігі тексеру нәтижелеріне шағымданды. Бұл тексеру нәтижелері Жоғарғы Сотқа дейін жетті, онда Жоғарғы Сот қаулылардың бір бөлігін ғана бұзып, қалған тексеру қаулылары мен тексеру нәтижелерін күшінде қалдырды. «ЭкоӘлем» қазір мемлекетке айыппұл төлеуге міндетті.

Экологиялық заңнама талаптарын бұзған полигонға жауапты кәсіпорын қалдықтарды көмдік деп жалған төлем алған. Енді сол төлем көлемінен компанияға 10 мың пайыз мөлшерінде үстеме айыппұл салынды.

Ж.С