Павлодар қаласында ескі аккумуляторлардан кәріз құбырлары жасалатын болады. Жоба «Даму» қолдау қоры арқылы жүзеге асады. Бір аккумулятордан 1 метрлік құбыр жасауға мүмкіндік бар дейді, компания басшысы. Толығырақ тілшіміз айтсын.

«Тандем ресуслинг» компаниясы алдағы уақытта ескі аккумуляторлардан кәріз жүйесіне арналған полипропиленді құбырлар шығармақ. Қазір құжаттар әзірленіп жатыр. Ол бағытта компания «Даму» қолдау қоры арқылы несиелендірілді. Жылына 10 мың 600 тоннадай өнім шығаруды көздеп отыр.

Павел Горбачев, «тандем recycling» компаниясының директоры

Ескі аккумуляторларды қабылдап, қорғанысты алып, электролитті нейтролиздеп, полипропиленді қайта өңдейміз. Қайта өмір береміз. Электролит ауыр тұзды суға айналады. Аккумулятор пластигі өте берік, сондықтан одан құбыр жасаймыз. Суыққа төзімді. Құрылыс қарқыны жоғары болғандықтан кәріз құбырларына сұраныс бар. Мысалы бізде бір аккумулятордан 1 метрлік құбыр шығарамыз.

Компанияға ескі аккумуляторларды заңды және жеке тұлғалар әкеле алады. Кәсіпорын толық іске қосылған уақытта 70-ке жуық адам жұмыс істейтін болады. «Даму» қорынан қолдау тапқан кезекті жобалардың бірі «Альфасетка» компаниясы. Ол ұяшықты тор жасаумен айналысады. Аталмыш торлар құрылыс барысында, ғимараттарды қоршау кезінде пайдаланылады. Компания айына орта есеппен 40-70 мың шаршы метр өнім шығарады екен.

Игорь Ефремов, «альфасетка» компаниясының директоры

Бастапқыдан аз-аздан бастадық, бірнеше станок қана болды. Сосын «Дамуға жүгініп, кәсіпорынды кеңейттік, екі линия алдық. Жыл сайын станоктар санын арттырып отырамыз. Биыл біз тағы қуатты құрылғы сатып алдық. Бұрын біз 50 ұяшыққа дейін ғана істейтінбіз, қазір 100 ұяшыққа дейін жасаймыз. Яғни екі есеге деген ассортиментті өсірдік. Қазақстанда біз сияқты ешкім істемейді мұны. Дайын өнімді ТЕц, Грэс, жеке кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар сатып алады.

«Даму» қоры жеңілдіктілген қаржыландыру, несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, қарызды кепілдендіру бағыттары бойынша кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді.

Арсен Дүйсекин, «даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының поф басшысы

Егер атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталатын болсақ. Қазіргі таңда 154 жоба субсидиялау құралы және 276 жоба кепілдендіру бойынша қолдау тапты. Несиелеуді айтсақ, «Өрлеу» бойынша 36 жоба 11 млрд теңгеге мақұлданды. Ал, кепілдендіру құралы бойынша 41 млрд теңгеге, субсидиялау бойынша 13,7 млрд теңгеге жобалар қолдауға ие болды.

Қолдау қорымен жұмыс жасайтын экономикалық кодтар қазіргі таңда анықталған, бұл транспорт және қойма, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру туризм салалары.

Самал Қалиқызы