Павлодар облысында құтқарушылар балалардың қауіпсіздігі мен тазалығына үлес қосты. Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында ТЖД қызметкерлері сенбілік өткізіп, аумақты қоқыстан, қураған шөп пен бұталардан тазартты. Бұл шара «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына – 30 игі іс» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты балаларға жайлы орта қалыптастырып, өрт қаупін алдын алу. Кенжекөл ауылындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 70 бала тұрады. Мұндай қолдау балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, өздерін қамқорлықта сезінуіне ықпал етеді.
Сәуле Шакенева, Павлодар облысы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл
аумаққа нақты физикалық көмек қажет болды. Өзім өңірлік уәкіл ретінде департаментке және олардың ұйымдастырған жұмысына алғыс айтамын. Бүгін ересектердің балалар игілігі үшін қаншалықты жылдам, үйлесімді және жауапкершілікпен еңбек етіп жатқанын көрдік
ТЖД қызметкерлері үлкен аумақты ретке келтіріп, балалармен әңгіме құрып, бірге ойнады. Олар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасады деп сенеді. Балалар ауылындағы ұжым құтқарушыларға алғыс білдіріп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Айжан Шамғалиева, Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының басшысы
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментіне бүгінгі шара үшін шын жүректен алғыс айтамын. Бұл –ТЖДнің 30 жылдығына арналған маңызды кездесу. Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын.
Игі іс балалардың тұрмыс жағдайын жақсартып, олардың қауіпсіздігіне оң әсерін тигізді. Мұндай бастама қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті нығайтады.
Сабина Жолдаспаева