Арнайы көлікке жол бермегендер айыппұл арқалайтын болады. Бұрынғыдай бұл 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде емес, 20 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін өсті.

Қала көшелерінде жарық пен дыбыс қосып, жүйткіген жедел жәрдем, полиция, құтқарушылар, өрт сөндіру көліктеріне қозғалыстың басқа қатысушылары жол беруі тиіс. Бұл бұрыннан бар түсінік. Олай болмаған жағдайда полицейлер әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы ретте Павлодарда рейд өтіп жатыр. Бір күннің өзінде арнайы көліктерге жол бермеген 3 жүргізуші анықталды.

Тлекжан Галямов, Павлодар қаласы ТЖБ бастығының орынбасары

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері және ПБ қызметкерлері бірлесіп арнайы рейдтік шараларды жүргізуде. Рейтдің басты мақсаты – жарық және дыбыс сигналдарын қосқан көліктерге жол бермеудің алдын алу. Рйед барысында 3 тұлғаға қатысты ҚР ӘҚ кодексінің 598 бабына сәйкес 3 хаттама толтырылоды.

Айта кетейік, жарықты қосып, дабыл сигналдарын қосып жүріп бара жатқан арнайы көліктерге жол берілмесе жауапкершілік ҚР ӘқБ кодексінің 598 бабына сәйкес 20 АЕК көлеміне дейін болады. Яғни 70 мың теңге айыппұл арқалап кетуіңіз мүмкін.

Самал Қалиқызы