Павлодар қаласында тілдер фестивалі қорытындыланып, мемлекеттік тілдің дамуына ат салысып жүрген бірқатар жандар марапатталды. Осылайша, тілдер күні аясында басталған шаралар легі мәресіне жетті.
Достық үйіне ассамблея мүшелері, зиялы қауым өкілдері, тіл жанашырлары жиналды. Мемлекеттік тілді кеңінен дамытып, қолданыс аясын кеңейту баршасының міндеті. Осы істің басы-қасында жұмылып ат салысып жүрген жандар. Жиналған қауымды алдымен облыс әкімінің орынбасары құттықтады.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Тіл – Тәуелсіздіктің айғағы, ұлттық құжатымыз, кісілік келбетіміз. Саяси тұрақтылықтың да негізі тілде жатыр. Тіл – қай ұлттың да болмасын ең құндығы байлығы екені бәрімізге мәлім. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі тіл саясатында толерантты тілдік орта қалыптастыра отырып, мемлекеттік тілдің маңызын арттыра білуіміздің маңызы зор.
Тілдің дамуына ерекше үлес қосып жүрген жандар марапатқа ие болды. Олар әр түрлі сала қызметкерлері. Қатарларында жасы үлкені де, кішісі де бар.
Бағда Қазиева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мұғалім ретінде, ана ретінде осы ұлы халықтың өкілі ретінде біздің тіліміз жақсы дамып жатыр деп айта аламыз. Егемендігіміз адмыған сайын елдің арасныда да тілге деген құрметтің көтерілуі ерекше.
Мейіржан Баршынбай, оқушы
Ана тілін жүрегінде сақтау, оны ардақтау оны бізден кейінгі буынға өсиет етіп қалдыру келер мақсатымыз. Бұл менің ғана емес барша менімен қатар жастардың жетістігі деп білемін. Тілге байланысты шарал көбейіп жатыр ол да қуатады
Шара әрмен концерттік бағдарламаға ұласты.
Жанасыл Серікбол