сШектеу мен кедергі тек санамызда. Мақсаты айқын, келешекке бағдар алған жандар үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес жоқ. Бүгін автомобилсит спорт кешеніне жиналған балалар бұны дәлелдеді. Эстафеталық жарықса қатысып, бақтарын сынады. Фестиваль екінші жыл қатарынан өтіп отыр. Облыстық кезең 3 жарыста өтеді. Жеңіл атлетика, жеңіл эстафета және бочча ойындары. Бұл сайыс іріктеу. Жеңімпаз атанған қатысушылар республикалық мәреде өнер көрсетеді.
Бақтияр Түсіпов, Павлодар облысы білім беру басқармасының аймақтық оқу тәжірбиелік дене шынықтыру орталығының басшысы
Бұл фестивальдің ерекшелігі мұнда бір команадада 3 бала қатысады. Үш команданың бір баласы ерекше қабілетті болуы керек міндетті түрде. Және әр бала өзінің диагнозына сай жарысқа қатысады. Жеңімпаздар бізде Астана қаласында 4-7 қараша аралығында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Былтыр 90 бала қатысса биыл оның саны 200 ге жетіп отыр. 11 жастағы Мирас Бейсенбай Ақсу ауылдық аймағына қарасты Евгеньевка ауылынан келді. Бочча ойындарына 6 жыл қатысып жүр.
Мирас Бейсенбай, қатысушы
Мен бочча спорт түрімен 6 жыл бойы айналысып келемін. Біз жарыстарға екінші рет қатысып отырмыз. Инклюзивті спортта 2 жылдан бері бақ сынап жүрмін. Былтыр жеңіске жетіп, соның арқасында бочча бойынша өз командамыз құрылды. Қазір балалар жаттығуларға белсенді қатысып, тұрақты түрде дайындалып жүр. Біз финалға өттік, енді Астанаға барамыз. Онда жеңіске жетуге тырысамыз — бұл менің жаңа мақсатым
Биыл өткен жарысқа Баянауыл мен Майқайыңнан келген спортшылар қосылды. Қатысушылардың үштен бірі — ерекше қажеттіліктері бар балалар. Бұл жарыстың басты мақсаты — әр баланың әлеуетін ашу, олардың спорт арқылы өзіне деген сенімін арттыру және қоғамға толыққанды бейімделуіне мүмкіндік жасау.
Әйгерім Тоқпанқызы