Бұдан кейін облыс әкімі Тереңкөл ауданына барды. Онда өңір басшысы ауыл шаруашылығы өндірушілерімен кездесті. Ол егін ору науқанымен танысып, агроөнеркәсіптік кешен саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларды зерделеді.

«Щербак» шаруа қожалығы – өңірдің ірі шаруашылықтардың бірі. Биыл мұнда елордадан жеткізілген элиталы «Любава» бидай тұқымдары 1500 гектар алқапқа егілген. Егін бітік шықты дейді диқандар.

Игорь Щербак, шаруа қожалық иесі

Биылғы өнім жаман емес – әр гектардан 50-60 центнер аламыз. «Любава» сорты жақсы нәтиже беріп отыр. Біз соңғы буындағы заманауи комбайндарды пайдаланамыз. Ел Президентінің бағдарламасы аясында техника жаңартылып жатыр, біз де осы үрдістен шет қалмай, озық үлгідегі машиналарды сынап көрудеміз.

Асайын Байханов шаруашылықта ылғал үнемдеу технологияларының қолданылу барысын да назардан тыс қалдырмады. Бұл тәсіл өнімділікке тікелей әсер ететін маңызды факторлардың бірі.

Игорь Щербак, шаруа қожалық иесі

Бұл жай ғана біздің бастама емес. Заманға сай ауыл сақтауды қажет ететін технология. Әрине, бәрі ойдағыдай бола бермейді. Бірақ биыл ауа райы қолайлы болды. Бұған қоса тыңайтқыштардың септігін бар. Соның арқасында жақсы өнім алып отырмыз.

Шаруашылықтың құрылғанына биыл 20 жыл толып отыр. Айтулы күнге орай ауыл шаруашылығы саласында білім алып, еңбек жолын енді бастаған үш жас маманға автокөлік кілті табысталды. Қазіргі таңда мұнда 100-ге жуық адам еңбек етеді.Сапар аясында облыс әкімі «Ет Бастау» сою цехының жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 250–300 тонна ет өндіреді. Мұнда 110 текше метрлік тоңазытқыш камералар, вакуумдық қаптамалау цехы және әлеуметтік бағыттағы ет дүкені жұмыс істейді.

Бұдан соң Байханов Байқоныс ауылдық округіне қарасты Қызылтаң ауылына ат басын бұрды. Мұнда жаңадан салынған мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өтті. Ауыл тұрғындары балалар үшін бассейн салып беруді сұрады.

Қызылтаңдағы мәдениет үйінде балалар түрлі үйірмелерге қатысып, ауылда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Жиын барысында тұрғындар аймақ басшысына алғыстарын білдірді.

Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша салынған «Бақыт» тойханасы бүгінде жұмыс істеп тұр. 240 адамға арналған залда той-жиындар мен еске алу шаралары өтеді.

Қайрат Лугманов, Қызылтаң ауылының тұрғыны

Елге керек болғаннан кейін тойд осындай асхана саламын деп айтқан едім. Енді мін етойхана болыр кетті.Қазір той жабдық, еске алу бәоі өтіп жатыр. Мына дканың фундаменті құрыдып тұрды.Сол кезде облыс әкімі 10 тонна цемент көмек ретінде берді. Екі үш күннен кейін жіберді.

Өңір басшысының Тереңкөл ауданына сапары ауыл тұрғындары үшін маңызды мәселелерді шешуге тың серпін берді. Кездесулер барысында айтылған ұсыныстар жергілікті билік назарында болады.

Дильназ Қуанышбекова