Дзюдо күрестің ерекше бір түрі. Сенесіз бе, әлемде 30 миллионға жуық адам спорттың осы түрімен айналысады. Мәселен, Серік Сәлменов дзюдомен бала кезінде танысқан, енді ол өмірінің бір бөлігіне айналып кеткен. 

Серік Сәлменов, дзюдошы:

Дзюдо негізі әдемі спорт қой. Ақ, көк, кимоно, алаңдағы тартыс бәрі көздің жауын алады. Жалпы маған дзюдоның мәдениеті ұнайды.   

Серік қазір спорт шебері. Жылдар бойы алған жетістіктері жетерлік. Қазір жинаған тәжірибесі өзіне шәкірт тәрбиелеуге мүмкіндік берді. Оның бойындағы қасиеттер жеңіліс байқалған жағдайда да бірқалыпты, өзгермейді. Оны жанындағы жаттықтырушысы да біледі.

Денис Амелин, жаттықтырушы:

Оның бір жақсы қасиеті бар. Болды, болмады әрі қарай жүре береді. Өте позитивті адам. Әрқашан алға жүруге тырысады. Жасаған істен нәтиже шығарып отырады.

Серік Сәлменов қазір жастарды тәрбиелеп, жаттықтырады. Бірақ өзінің спорттағы болашағын жоспардан шығармайды, өйткені алдағы уақытта 2024 жылы Парижде өтетін олимпиадаға қатысқысы келеді. Серік Сәлменов жайлы толығырақ бүгін Спорт Тайм бағдарламасынан көре аласыздар.

 

Самал Қалиқызы, Кристина Касперович