Ұлттық спорт көкпардан Хасен Сейітқазин атындағы облыс Кубогы жолындағы сайыс дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл алтыншы рет өтіп отыр. Хасен Сейітқазин Қаратерек ауылында туып, өмір бойы осында еңбек еткен. Шара мақсаты- өткенді еске алу, тірнің басын қосу.

Алма Жұмағұлова, Хасен Сейітқазинның қызы:

Осындай іс-шаралар ол өлгендерге керек емес, ол міне тірілерге, әсіресе жастарға керек. Қазіргі құбылмалы заман болып тұрған кезде осы жастардың қімірен, саансына ұлттық тәрбиені, одан қала жастарға патриоттық, осыларды біліп әрмен қарай жалғастырса деген осындай мақсатта осы іс-шара өткізіліп жатыр. Әкеміз осы қаратерек ауылында соғысқа дейін де, соғыстан кейін де қызмет істеген.

Хасен Сейітқазин екінші дүние жүзілік соғыс ардагері. Соғыстан соң елге келіп, ауылына еңбегін сіңірген. Оның артына қалдырған ерлігі мен ерен еңбегі бүгінгілерге әрқашан үлгі.

Ғибадат Арынов, Май аудандық мәслихатының хатшысы:

Сайысты ұйымдастырып отқан облыстық федерация спортына, жаңа айтып жтырмыз ғой ұйымдастырушы болған баласы Қуатбек Хасенұлы еді. Өткен жылы қайтыс болып кетті. Сонда да тоқтап қалған жоқ. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, ең мықтысы жеңімпаз болады деп сенімдімін.

Көкпар өңірімізде жақсы қарқынмен дамып келе жатқан спорт түрі. Бүгінде бір-бірімен бәсекелес әр түрлі командалар қалыптасып та үлгерген. Жастар да бұл спортқа ден қоя бастады дейді аға балуандар.

Дархан Елібаев, көкпаршы:

Хасен Сейітқазин ағамыздың турниріне бірнеше жылдан бері қатысып келе жатырмыз. Жеңеміз, жеңілеміз, ат үстіндеміз. Жастарымыз бар. Жастар артымыздан өсіп жатқан жастарымыз бар. Өзіміздің арамызда да жастар бар.

Осылайша облыс Кубогының финалында 4 команда өнер көрсетті. Үшінші орын үшін Қызылжар және Баянауыл командалары сайысып, Баянауылдық команданың бабы басым түсті. Ал, бірінші орын үшін  Саты-ата және Қайса-Ата командалары тартысты. Жоғары деңгейдегі сайыстың нәтижесі бойынша Саты Ата командасы жеңіске жетті.

Амангелді Солтанов, турнирдің бас төрешісі:

Міне, осы Саты Ата командасы бірінші орынды алып, Жеңімпаз болып отыр. Бұл турнир дамиды әрі қарай тағыда.

Осылайша облыс Кубогны Саты Ата командасы иеленді. Жарыс қорытындыс бойынша үздік шабуылшылар мен үздік төрешілер, ардагер балуандар да мараптталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдармен қатар, ақшалай сыйлықтарды да табысталды.

 

Жанасыл Серікбол