Дәл осындай қиын бұрылыстарға қарап, сыртынан көрген адам жүргізуші ересек адам екен деп қалуы мүмкін. Алайда, рульде 14 жасар Анатолий Кин. 7 жасынан бастап көлік тізгініне отырған ол, қазір кәсіпқойлармен тең дәрежеде.
Анатолий Кин, дрифтер:
Алғаш 7 жасымда рульге отырдым. Көлікті жүргізуге әкем көмектесті. Ал, 11-12 жасымнан бастап, механикалық көліктерді жүргізе бастадым.
Естен тандырарлвқ осы спортқа Анатолийді әкесі өз қолымен әкелген екен. Аз уақыт ішінде ол өзінің ұстазынан да асып түскен. Әкесі ұлының бұл табалына әрқашан қолдау білдіріп келеді.
Виталий Кин, Анатолий Киннің әкесі:
Мен де 7 жасымда рульге отырдым. Мені де әкем көлікке отырғызған еді. Басында әрине қиын болды. Баламды қолдаймын. Өйткені, оның қолынан келеді.
Оған көлік дөңгелегін ауыстыру қиын емес. Ол көлікті жүргізіп қана қоймай, оны түсіне де біледі.
Анатолий Кин, дрифтер:
Көлік жоғары жылдамдықпен жүрген кезде, радиаторына салмақ түседі. Сосын қызады. Сондықтан, оны жіті қадағалап отыру керек.
14 жаста көлік жүргізу үшін арнайы лицензия керек. Қазір ол тек арнайы алаңдар мен сайыстарда ғана рульге отырады. Анатолийдің алдағы жоспары көп. Жаңа көлік сатып алмақ. Қазір қыркүйек айында Алматыда өтетін жарысқа қызу дайындалуда.
Жанасыл Серікбол, Кристина Касперович