Президент өз Жолдауында айтылған басты мәселелердің бірі бюджет үдерістерін барынша деңілдету турасында болды. Енді қазынаның игерілмеген қаржысын мемелкеттік мекемелер келесі жылға қалдыруға мүмкіндік алмақ. Ал, 2023-жылы жаңа салық Кодексі қабылданып, аталмыш саладағы үдерістер толықтай сандық формақта көшпек.
Халық ежелден бері жол азабын, жан азабына теңеген. Қай уақыт болмасын, жол - экономиканың басты көрсеткіші. Тіпті ел әлеуетіне дем беретін маңызды инфақұрылым. Қазақстан Тәуелсіз ел болғалы бері көптеген республикалық, халықаралық күре жолдар жобасын іске асырды. Алайда тұтастай Қазақстан жолдары жөнге келмегені белгілі. Осыған орай Президент өз жолауында 2025-жылға дейін жергілікті жолдардың 95 пайызы тақтайдай тегіс, сапасы болуын міндет етті.
Нұргүл Қайырденова, «Әділдік жолы» ҚБ облыстық филиалының басшысы:
Сапасыз жолдар адамдардың өміріне қауіп төндіретін. Тасымалмен айналыстаны бизнес қауымдастығының басыт мәселесі еді. Жолдың мәселесі өте өзекті мәселе.
Ұлттық қорға қатысты айтылған жаңалық барашсына белгілі. Сонымен қатар, салық түсімін өңірлердің өзіне үлестіру жұмыстары жалғасады. Және қаражаттың қайда жұмсалу керектігін тұрғындардың өзі айқындауы үшін жаңа кодекс енгізіледі. Мемлекеттік мекемелер игеріп үлгермеген қаражатты келесі жылы қайта өздерінің қорына қалдыра алады.
Нұргүл Қайырденова, «Әділдік жолы» ҚБ облыстық филиалының басшысы:
Сыбайлас жемқорлықтың нышандары осы жерде өте көп болатын-ды. Бюджетті игеру үшін көптеген құқық бүзушылықтарға барып жатты мемелкеттік органдар. Өте дұрыс қабылданған шешім.
Әр саладағы бірыңғай операторлардың қызметі елде нарықтық экономиканы дамытуға кедергі келтіріп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осындай сын айтқан еді. Осыған орай жаңа салық кодексін әзірлеу бастамасы да көпшіліктің көңілен шығуда.
Жанасыл Серікбол